Түрлену өнері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Турлену Өнері, театр мен кинода – актердің сахнада (немесе кинофильмде) басқа адам кейпінде әрекет жасау қабілеті. Турлену Өнері актерлік өнердің өзіне тән ерекшелігін айқындаумен қатар оның шығарм. негізі болып табылады. Актер әдетте сахналық (немесе кинематогр.) образ жасауда өзінің дауыс үні мен дикциясын, пластикасы мен темпераментін, оған қоса гримі мен костюмін де пайдаланады. Бұлар актердің Турлену Өнері-н меңгерудегі ең қажетті құралдары болып саналады. Актер кейде өзінің сыртқы түр-тұлғасын шұғыл өзгерту арқылы ойнайтын кейіпкерінің басқаларға ұқсамайтын өзгеше бір сипатын, типтік ерекшелігін ашуға ұмтылады. Бұл сыртқы түрлену өнері деп аталады. Актерлік шығарм-тағы реализмнің ең жоғ. даму сатысы ішкі түрлену өнерімен тығыз байланысты; яғни актер орындайтын қаїарманының ішкі жан дүниесін, ой-сезімін оның түр-тұлғасымен және іс-әрекетімен қабыстыра отырып тұтас сахналық характер жасайды. К.С. Станиславский жүйесінің негізгі бөлімдері осы Турлену Өнері-нің жол-жобасы мен әдістерін зерттеуге арналды. Станиславский сан ғасырлық театр тарихының тәжірибесіне сүйене отырып, рөл үстінде жұмыс істеудің теор. және тәжірибелік негізін жасады. Театр тарихында әрбір рөл сайын өзінің тек сыртқы түр-келбетін ғана мүлдем өзгертіп отыратын актерлермен қатар қандай рөлді ойнаса да өзінің ерекшелік қасиетін сақтайтын белгілі шеберлер болған. Мұның соңғысына сахналық өнерде белгілі тақырыбы мен ұстанған принципі, өмір мен қоғам туралы ой-тұжырымы, дүниетанымы бар суреткерлер жатады. Мысалы, орыс театрында П.С. Мочаловтың, М.Н. Ермолованың, В.Ф. Комиссаржевскаяның, т.б. өнері осы бағытта болды. Батыс Еуропа театрларындағы Турлену Өнері-нің көрнекті шеберлері қатарынан Д.Гаррик, Г.Ирвинг (Англия), Фредерик-Леметр, А.Антуан (Франция), Э.Поссарт, Э.Росси, Т.Сальвини (Италия); орыс театры бойынша М.С. Щепкин, А.П. Ленский, М.Г. Савина, И.М. Москвин, В.И. Качалов, Н.П. Хмелев, В.Н. Пашенная, Н.К. Черкасов, т.б. актерлерді атауға болады. Қазақ театрындағы Турлену Өнері-нің шеберлері: Қ.Қуанышбаев, Е. Өмірзақов, Ш.Айманов, Р. Қойшыбаева, С.Оразбаев, Ф.Шәріпова, т.б.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Сілтемелер:

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}