Түркістандағы археология әуесқойларының үйірмесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Түркістандағы археология әуесқойларының үйірмесі - Орта Азия, Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудың өткен дәуірлері жөніндегі тарихи деректер жинаумен айналысқан ғылыми бірлестік. 1895 ж. 11 желтоқсанда Ташкентте құрылған. Оған әскери әкімшіліктің басшылары,әскерилер, оқу орындарының оқытушылары, шенеуіктер мүше болды. Кейбір жылдары мүшелер саны 100-ден асты. Түркістандағы археология әуесқойларының үйірмесінде И.В. Аиичков, В.В. Бартольд, Ә.Диваев, В.А. Каллаур, А.К. Кларе, Н.П. Остроумов, Н.Н. Пантусов белсенді жұмыс атқарды. Үйірме қызметі археология материалдарды жинауға, ескерткіштерді тіркеуге, сипаттауға бағытталды. Түркістандағы археология әуесқойларының үйірмесі 1917 ж. қызметін тоқтатты.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}