Тынышсыз рух

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:48, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Тынышсыз рух (Үлгі:Lang-en) – режиссер және продюссер Крис Морена (исп. Cris Morena) шығарған әлемнің 39 елінде көрсетілген әйгілі аргентина телехикаяты. Хикаят екі кезеңнен (1 кезең – 139 бөлім; 2 кезең – 177 бөлім) тұрады. Соңғы эпизоды 2004 жылы Аргентинада көрсетіледі. Хикаят желісі Буэнос-Айрестегі «Элитлық жол» (пансионат) жекеменшік орта мектебінде өрбиді. Мектепте Аргентинадағы атақты тұлғалар мен ауқатты адамдардың балалары және тегін білім алатын стипендиаттар оқиды. Басты рөлдерде Марисса Пиа Спиритто (Камила Бордонаба) – Аргентинаның атақты актрисасы, моделі Соня Рейдің (Катрин Фулоп) қызы. Бүлікшіл, тік мінезді, батыл қыз. Пабло Бустаманте (Бенхамин Рохас) – мэр Серхио Бустамантенің (Бой Олми) ұлы. Мектептегі танымал және сымбатты кейіпкер. Мия Колуччи (Луисана Лопилато) – кәсіпкер Франко Колуччидің қызы. Мия – өте әдемі, сән әлеміне берілген ерке қыз. Мануэль Агирре (Фелипе Коломбо) Мексикадан арнайы Мияның әкесінен кек алу үшін келеді, бірақ, жауының қызын ұнатып қалады.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}