Трилогия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:01, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Трилогия (Үлгі:Lang-el – үш, logos – сөз) – мазмұн-мағынасы, сюжеті жағынан бір-бірімен тығыз байланыста, негізгі кейіпкерлері ортақ келетін, өзара жалғасқан, тұтас үш бөлімді туынды.


Авторы бір шығармалардың әр бөлімі жеке туынды болып та қабылданады. Трилогияны құрайтын әр шығарма бас-аяғы бүтін, өз алдына дербес туынды болып келеді, әрқайсысының өз оқиға желісі, бөлек бітімі болады. Басты кейіпкерлер үш шығармаға бірдей ортақ болса, олардың әрқайсысында басты тұлғалар өміріндегі түрлі кезең суреттеледі. Үш шығарма бірімен-бірі қабысып, сабақтаса келіп, бірін-бірі мағына-мазмұн жағынан толықтырады. Мысалы, ЭсхилдіңОрестея”, Ф.Шиллердің “Валленштейн”, А.Н. Толстойдың “Иван Грозныйдың өлімі”, “Борис патша”, А.М. Горькийдің автобиографиялық романы, У.Фолкнердің “Ауыл”, “Қала”, І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясы бар. Ә.Нұрпейісовтың “Қан мен тер” трилогиясы “Ымырт”, “Сергелдең”, “Күйреу” атты үш кітаптан тұрады.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>