Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов (26 қыркүйек 1938 жылы, Ресей, Алтай өлкесі - 23 шілде, 2009 жылы Алматы) – ғалым. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Білім Беру ісінің Құрметті қызыметкері. Қазақ КСР Еңбек сіңірген мұғалімі. Педагогика ғылым академиясының құрметті академигі.

Толығырақ

ҚазМУ-ды бітірген (1964). 1964 — 66 ж. Алматы құрылыс техникумының оқытушысы, 1966 — 69 ж. Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қазақ ҰТУ) аға оқытушысы, 1969 — 70 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасы орынбасарының көмекшісі, 1970 — 83 ж. Алматы шетел тілдері институтында (қазіргі Алматы Әлем тілдері университеті) доцент, профессор болды. 1983 — 87 ж. Алматы малдәрігерлік институтында (қазіргі Алматы аграрлық университеті) 1987 ж. Қазақ КСР-і жоғары және орта арнайы білім беру министрінің орынбасары қызметтерін атқарды. 1987 жылдан Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Қазақ ҰПУ) ректоры. Садықовтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты: қазіргі жоғары мектеп, Қазақстан тарихы, психология, педагогика тарихы мәселелері. 400-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде психологиялық-педагогикалық, тарих, әлеуметтік мәселелерге арналған 10 монографияның авторы.

Марапаттары

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}