Тоқажанова Бағдат Әнуарбекқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:40, 2015 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Zhaksilik (Талқылауы) істеген түзету

Тоқажанова Багдат Әнуарбекқызы1948 жылы 1 маусымда бурынғы Семей облысы, Аягөз қаласында туған.<ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89</ref>. 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеты қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

1971-1973 жылдары Аягөз қаласындағы№2 қазақ орта мектебінде мұғалім болып істеген. 1974 жьщцан Кітап палатасында, 1974—1975 жьшлары мұрағат бөлімінде библиограф, 1976—1988 жылдары ретроспективтік библиография бөлімінде алдымен редактор, кейіннен аға редактор, меңгеруші қызметтерін атқарған. Қазір баспасөз мұрағатынын меңгерушісі.

1975—1998 жылдарда құрастырған "Қазақ КСР кітаптарының жылнамасы", "Қазақ КСР ғазеггері" (19171975, 1976-1985, 1986-1995 жж..); "Ақталған жазушылар мен журналистер еңбектерінің көрсеткіші" (1917—1937 жж.); "Қазақ КСР библиографиялық қуралдар көрсеткіші" (1986—1994); "Қазақстан Республикасының ноталық шығармалары" (1975—1985), "газет мақалаларының көрсеткіші" (1919— 1956), "Журнал мақалаларының көрсеткіші" (1917-1930, 1931-1937 жж.); "Рецензиялар шежіресі" (1969—1975, 1976-1980, 1981-1991 жж.) сияқты көрсеткіштердің құрастырушысы, жауапты шығарушысы.

Кітап палатасының, Баспасөз министрлігінің мақтау қағаздарымен, грамоталарымен, "Баспа ісінің үздігі" белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}