Тоғызақ мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:09, 2015 ж. маусымның 6 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мұздық

Тоғызақ мұздығыІле Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Солтүстік Талғар өзенінің бастауында орналасқан. 1910 жылы өлкетанушы С.Е.Дмитриев ашқан.

Аумағы

Екі бөліктен (Оңтүстік Тоғызақ және Солтүстік Тоғызақ) тұратын мұздықтың ұзындығы 4,2 км, оның ішінде ашық жері 3,9 км. Мұздықтың жалпы ауданы 9,9 км2, мұзқар (фирн) алаңы 3,1 км2, ашық жатқан тілі 5,4 км2, борпылдақ жыныс жапқан бөлігі 0,5 км2.

Жер бедері

Биіктігі 4510 м-ден 3470 м-ге дейін төмендейді. Тоғызақ мұздығының солтүстігінде Калесник, шығысында Десница, оңтүстігінде Жасық және Жусандыкүнгей, батысында Конституция мұздықтары жатыр. <ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер