Торжорға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Торжорға» - Абайдың күйі. Күйді Ғ.Сармурзин 1923 жылы Оспан деген домбырашыдан үйренген. Оспан ақын аулында жылқышы әрі Абайға атқосшы болған кісі. Абайдың Жетісу елінен сыйлыққа келген Торжорға деген аты болған. Ақынның сүйікті ұлы Әбдірахман Верный (Алматы) қаласындағы ауруханада жатқан кезінде оны кутуге кенже баласы Мағауияны жібереді. Мағауия Верныйдың базарында ұлы жүздің Дәт деген адамына кездесіп танысады. Мағауияның Абай баласы екенін білген соң, ол ақынға дұғай сәлем айтып, Торжорға атын сыйға тартады. Бұл жөнінде М. Әуезовтың «Абай жолы» романында тартымды суреттелген. «Торжорға» күйі көңілді, ойнақы, серпінді орындалады. Күйдің ырғағынан тайпалған ат жүрісі, оның жорғалаған әсем қозғалысы айқын байқалады. Күй әуенінің ырғақ-иірімдері де жарасымды .<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Торжорға|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}