Тораңғылысай қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:57, 2016 ж. желтоқсанның 22 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Қорық аймақ Тораңғылысай мемлекеттік қорықшасы - қырғауыл, құмқоян және жабайы шошқа санын қалпына келтіріп, одан әрі көбейту мақсатымен 10 жылға арналып, 1978 жылы құрылған. Облыстық мәні бар. Қызылорда қаласы, Сырдария ауданының 17,9 мың га жерін алып жатыр. Жаңадария өзенінің оң жақ жағалауындағы шөл өңірде орналасқан. Жер бедері көсілген жазық, орта шенінде бірен саран құм төбелер кездеседі. Жағалауын қамыс, қоғағ қияқ басқан кішігірім өзен көлдер ағып өтеді.

Құмда сексеуіл өте тығыз өскен. Жаңадария өзенін бойлай қына, тал, терек, тораңғыдан тұратын тізбекті орман және тоғай өскен. Қорықшада жоғарыда аталған аңдардан басқа борсық, түлкі, қарсақ мекендейді.<ref>Қазақ ССР қысқаша энциклопедиялық-2 том-Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакциясы-Алматы,1987</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер