Топқапы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Топқапы (Үлгі:Lang-tr; түрік тілінен аударғанда "Зеңбіректі қақпа" деген мағынаны білдіреді) — XIX ғасырдың орта кезеңіне дейін Ұлы Османлы Мемлекетінің басты сарайы болған ғимарат. Қазіргі кезде мұражай статусына ие. Сонымен қатар бұл ғимарат "Сераль" деген атауымен де белгілі. Мұражайдың ауданы — 700 000 м². 1400 м болатын қоршаумен жан-жақтан қоршалған.
Тарихы
1453 жылы II Мехмет бастаған османлы әскері Константинополь қаласын басып алды. Сол кезде Топқапы орнында Византия императорларының сарайы болған. Бұл сарайдың қазіргі уақытта қалдықтары қалған жоқ. II Мехмет жеңістен кейін Византия сарайының орнына осы Топқапы сарайын салдыртқан. Ең алғашқы 50 жыл бойы бұл сарай сұлтандардың басқару резиденциясы болған.
Алғашқы 50 жылда Топқапы сарайы сұлтандардың тек жұмыс орталығы ғана болған, осы жағдай II Баязит сарайы кезінде де орын алған. I Сүлеймен сарайды қайта салған. Бұл II Мехмет негізін қалағаннан кейін болған ең үлкен өзгерістердің бірі.
1854 жылы бұл сарайдың құрылысы жалғастырылған, 400 жыл бойы Ұлы Османлы Мемлекетінің басты сарайы болып қалған. 1923 жылы мұражай атанды.
Құрылысы
Топқапы төрте бөлінген. Қақпа жұмысшыларға арналған бөлікте болған. Екінші бөлікте Дуан кеңесі өткізілген және қазына болған. Үшінші бөлігінде сұлтанның бөлмесі болған, ал ең соңғы бөлікте мешіт және басқа құрылыстар болған.
Қазіргі жағдайы
Қазіргі уақытта Топқапы ең танымал мұражайлардың бірі. Жәдігерлер саны 65 мыңды құрайды. Бұл Топқапы мұражайының оннан бір бөлігін ғана құрайды.
Галереясы
- Imperial Council Hall Topkapi 2007 003.jpg
thumb|Дуан кеңесінің залы.
- Istanbul.Topkapi036.jpg
thumb|Сағадат қақпасы.
- Topkapi Palace Bosphorus.JPG
thumb|Босфордан көрінісі.
- Imperial Sofa Topkapi March 2008pano2.jpg
thumb|Сұлтан бөлмесі.
- Ворота во дворец Топ Капы.JPG
thumb|Сәлемдесу қақпасы.
- Дворец Топкапы.JPG
thumb|Дуан кеңесіне кіру.
- Дворец Топкапы2.JPG
thumb|Сағадат қақпасы.
- Дворец Топкапы6.JPG
thumb|Фатих павильоны. Қазына.
- Топкапы8.JPG
thumb|Кітапхана.
- Топкапы11.JPG
thumb|I Әбділмәжит киоскі.
- Топкапы14.JPG
thumb|Бақшадағы бұрқақ.
- Топкапы15.JPG
thumb|Сұлтанның ресми қабылдау залы.
- Топкапы20.JPG
thumb|Сұлтан күркесі.
- Топкапы21.JPG
thumb|Реван павильоны.
Дереккөздер
- ↑ Осман империясының тарихы: В 2 т = Osmanli devleti ve medeniyeti tarihi. — М.: Шығыс әдебиеті, 2006. — Т. 1: Осман мемлекетінің және қоғамының тарихы. — С. 112—113. — XXXII+602 с. — 2000 экз. — ISBN 5-02-018509-4.