Топырақтану ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:11, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Топырақтану ғылыми-зерттеу институтытопырақ пен оның жамылғысын кешенді түрде зерттейтін ғылыми-зерттеу мекемесі.


1945 жылы Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И.Сәтбаевтың ұсынысымен құрылған. Институтта 4 ғылыми бөлім мен 3 лаборатория, аспирантура, диссертациялық және ғылыми кеңес жұмыс істейді.

Негізгі ғылыми бағыттары Қазақстан аумағындағы топырақ пен оның жамылғысын зерттеудің ғылыми негізі; топырақ ресурстарының өнімділігін арттыру және оларды пайдалану; топырақ құнарлылығын арттыру; топырақ экологиясы мен оны қорғау мәселелері. Институт ғалымдары топырақ пен оның жамылғысының қазіргі жағдайын анықтау үшін географиялық-генетикалық зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде графикалық ақпарат және цифрлық мәлімет беретін әлемдік дәрежедегі жаңа топырақ картасын жасады. Сонымен қатар еліміздің экологиясы нашар аудандары топырақтарының қазіргі жағдайын анықтап, оларды болашақта тиімді пайдалану жолдарын ұсынды. Институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған (1974). «Қазақстанда суландыруды дамытуды жетілдіру үшін топыраққа мелиорациялық баға берудің ғылыми негізі» атты монографиясы үшін 1984 жылы институттың бір топ ғалымдарына (Ж.Аханов, Қ.Қаражанов, В.М.Боровский, М.А.Орлова, Л.И.Пачикина, В.А.Корниенко) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}