Топографиялық түсірім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:09, 2011 ж. қарашаның 29 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Топографиялық түсірім – белгілі бір телімнің топографиялық картасы мен планын жасау үшін жүргізілетін жұмыстар жиынтығы. Топографиялық түсірімге әр түрлі топографиялық зерттеулер: аэрофототүсірім мен ғарыштық түсірулер, тахеометриялық және мензулалық түсірулер (шағын телімде мензула мен кипрегельдің көмегімен атқарылады), сондай-ақ түсіру торларын құрастыру әдістері (геодез. және астрон.), нивелирлеу (жер бедерін түсіру, биіктік негізін құру) жатады. Топографиялық түсірілім жергілікті жердің топогриялық планы түсірілетін нүктелердің барлық үш координатын есептеп шығаруға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинайтын далалық жұмыстар мен планды сызу және ғыл. өңдеу жұмыстары нәтижесінде жасалынады; қ. Топографиялық карталар; Геодезиялық және картографиялық аспаптар мен құралдар. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}