Типтік бейне

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:54, 2016 ж. шілденің 11 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Көркем әдебиеттегі жинақталған адам образы – типтік бейне деп аталады. Көркем шығармада адам өмірі, басқа адамдармен өзара қарым-қатынасы, наным-сенімдері, ойы мен сезімдері мінез-құлықтары жиналса суреттеледі. Жазушы өз шығармасында бір адамның ғана сипатын көрсетіп қоймай, сол адамның өмір сүрген ортасына, оны қоршаған адамдарға тән сипаттармен толықтырып, жинақтайды.

Типтік бейне сипаты

Көркем туындыдағы типтік образ қаламгер суреттеп отырған қоғам мен дәуір туралы түсінік береді. Мысалы, Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» деген шығармасындағы Ахмет шалды типтік образға жатқыза аламыз. Ол соғыс кезіндегі жетім қалған балаларға қамқор болған адамдардың жиынтық бейнесін береді және соғыс кезіндегі қазақ ауылының тұрмыс- тіршілігіне тән ерекшкліктерді де көрсетеді.<ref>Қазақ әдебиеті Жаратылыстану-математикалық бағыт "Арман-ПВ" баспасы 2014ж ISBN 978-601-220-688-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер