Тибет тілдері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:09, 2014 ж. сәуірдің 18 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Тибет тілдеріҚытай Халық Республикасының Тибет автономиялық ауданы мен Цинхай, Сычуань, Юньнань, Гансу өлкелерін, Непал және Үндістанның кейбір жерлерін мекендеген тайпалар мен халықтар тілі. Қытай-тибет тілдері семьясына жатады. Бұл топқа тибет, джарун, маньяк, таучу, такпа, хаурпа, т.б. тілдер кіреді. Негізгі тіл саналатын тибет тілі шығыс, орталық, батыс диалектілеріне бөлінеді. Бұл тілде көптеген әдеби мұра сақталған. Жазуы 7 ғасырда үнді жазуы негізінде қалыптасқан. Алғашқыда әр белгі бір дауыссызды белгілеген: қазір екі не үш дауыссыз жоғарыдан төмен қарай орналасу арқылы бірге жазылады (лигатур); әдеби тілінде көне орфография қолданылады. Музыкалы екпіннің шығуына, екпінсіз буындағы дауыстылардың редукциялануына байланысты көп буынды сөздер бір буындыға айналған. <ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 8 том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тибет тілдері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

bn:তিব্বতি ভাষা