Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Теңіз-қоржынкөл көмір алабы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

(fix invalid self-closed HTML tags as per Санат:Pages using invalid self-closed HTML tags)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

10:19, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы, Ақмола облысы Ерейментау ауданында; Астана қаласынан шығысқа қарай 180 км жерде орналасқан. Алаптың кей телімшелері 19 ғасырда белгілі болған. Алап құрамына Қосмұрын, Бозшасор, Қызылсор, Сарыадыр және Оңтүстік Қосмұрын кендері кіреді.

Оларды Н.Н.Тихонович, А.А.Чапеев, Г.И.Водорезов, А.И.Егоров, Р.А.Борукаев, Я.В.Бергман, т.б. барлаған. Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы қосымша қатпарланумен күрделіленген ірі брахисинклиналдық құрылым. Алап шегінде 4 ірі кен орны орналасқан.

Кен ашық және шахта әдістері бойынша өндіріледі. Көмір қабаттары ашляр мен қарағанды шоғырларына топтасқан. Кен шоғырларының қалыңдығы 30–50 м, ең қалың, көмірге мол қаныққаны – Надежный қабаты. Көмірі гумустекті тас көмір, күлділігі жоғары (20–40%), күкірті аз, байытылуы қиын.
Көмірінің жалпы қоры 2,6 млрд. т.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Теңіз-қоржынкөл көмір алабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}