Теректі халық хоры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:48, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Теректі халық хоры - әуеской хор ұжымы. 1969 ж. қазіргі Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Федоровка селосында ұйымдастырылды, 1978 ж. халық ансамблі атағына ие болды. Оның көркемдік жағын 1969 жылдан Н.А. Федоскина басқарды. Хор репертуарынан орыс және қазақ композиторларының музыка шығармалары (С.С. Туликовтың "Арта берсін балға мен өлең даңқы", М.Төлебаевтың "Отаны", т.б.) орын алды. Хор ұжымы Алматы қаласында (1980) өнер көрсетті. 1982 ж. Мәскеу қаласында КСРО ХШЖК-нде өткен Қазақстан күндері мерекесіне қатысты. Еңбекшілер көркем өнерпаздық шығармашылығының Бүкілодақтық фестивалінің лауреаты (1977).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}