Тергүл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:15, 2016 ж. наурыздың 18 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Taxobox Тергүл (Үлгі:Lang-la) – тергүлдер тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Маңғыстауда ылғалды жерлерде, ұсақ тасты жайылымдарда, шалғындарда, тоғайлардың арасында өседі. Бұлардың биіктігі 5 – 35 см, араларында 2 м-ге жететін түрі де кездеседі. Сабақтары тік, көп қырлы, жоғарғы бөлімі бұтақталған. Жапырақтары қандауыр, эллипс не жұмыртқа тәрізді. Гүлдері 1 – 2-ден жапырақ астынан шығады, сыпыртқы не масақ тәрізді гүлшоғырына жиналады. Ақ, қызғылт, сиякөк түсті күлтелері де кіріккен, күлтелері болмайтын түрлері де кездеседі. Сәуір айынан бастап, қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тергүлдің гүлінен аралар бал жинайды, өсімдіктің құрамында илік заттар болады. Кейбір түрін сәндік үшін өсіреді.<ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тергүл|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}