Темір Ғабдоллаұлы Тікішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:40, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Темір Ғабдоллаұлы Тікішев (26.7. 1938 жылы туған ,Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Барбастау ауылы )- гобойшы, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртисі (1977). Орал музыка училищесін (1957). Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) оқыды. 1958 ж. Мәскеу қаласына ауысып, осьшдағы Гнесиндер атындағы музыкалық-педагогика институтын (1962, профессор И.Ф. Пупечниковтың гобой класы бойынша) бітірді. 1962 ж. Қазақстан- ның симфония оркестрі құрамына артист ретінде қабылданды. Ол республикада алғаш рет гобой ас- пабында ойнаудың франңуздық жүйесін қолданып, орындаушылық өнердің үздік үлгісін көрсетті. Оның орындаушылық репертуарынан қазақ халық әңдерімен қатар 1-гобой аспабына арнайы жазылған музыкалық шығармалар (Л.В. Бетховен, И.Брамс, В.А. Моңарт, С.В. Рахманинов, И.Ф. Стравинский, П.И. Чайковский, Д.Д. Шостакович, т.б-лардын симф. және музыкалық шығармалары) мол орын алды. 1964 жылдан А.Жұбанов атындағы республикалық музыкалық мектеп-интернатта (1964 - 81) және Алматы консерваториясында 1966 жылдан (1998 жылдан профессор) педагог қызметпен айналысады. Қазақстанның симфония оркестрі құрамында гастрольдік сапармен Польшада (1973), Чехословакияда (1974), Португалияда (1982) және т.б. елдерде өнер көрсетті. Аймақаралық орындаушы-музыканттар байқауының лауреаты (1969).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}