Темір жол айрығы 93 Үкілісай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:33, 2016 ж. қазанның 23 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Разъезд 93 Үкілісай — ауыл, темір жол айрығы, Бекбауыл ауылдық округі құрамында.

Географиялық орны

Облыс орталығы - Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 495 км-дей, Арал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 105 км-дей жерде орналасқан.

Тарихы

1904 жылы теміржол құрылысы кезінде негізі қаланған. Елді мекендегі халықтар теміржол саласында жұмыс жасаған. ХХ ғасырдың 50-жылдары елді мекенде алғаш бастауыш мектеп ашылған. Үкілісай ауылы 2005 жылдың наурыз айына дейін Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты болып келді, қазіргі таңда Бекбауыл ауылдық округінің қарамағында.

Халқы

Тұрғыны 223 адам (2009). Елді мекенде 14 қызметкер бар 1 фельдшерлік-акушерлік мекеме орналасқан. Халықтың басым бөлігі теміржол саласында жұмыс жасайды.

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері