Темірмәлік хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:05, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Темірмәлік хан1378-1379 жылдары билік еткен Ақ Орданың ханы. Ұрыс ханның үшінші ұлы әрі мұрагері.

Басқаруы

Үлкен ағасы Құтлық Бұға 1377 жылы Тоқтамыспен шайқаста қаза болған. Ұрыс хан да шамамен сол уақытта қайтыс болды. Оның мұрагері Тоқтақия болса да, ол екі айдан соң дүниеден өтті. Таққа оның інісі Темірмәлік отырды. Темірмәлік әкесы мен ағасынің қазасына себеп болған Тоқтамыс пен Едігеге қарсы кескілескен соғыс ашып, сатқындарды елден қуып тастайды. Темірмәлік өзінің жағымсыз өмір салтымен белгілі болған. Ол сұлу әйелдерді біреудің әйелі не қызы болғанына қарамай тартып алатын еді. Әрине осыдан соң оның жауларының көп болғаны анық. Әмірлердің кеңесімен Темірмәлік Тоқтамысқа жорық ұйымдастырды. Ұрыс ханның кезінен бері келе жатқан қолбасшылардың арқасында Тоқтамыс жеңіліске ұшырады. Тоқтамыс Темірді паналады. Алайда Темірмәлікке наразы топтар Тоқтамыстың жағына өтіп кетті. Ұрыс ханға қызмет еткен беклербек Қазаншы Темірмәліктен кеткен кезде, оның орнына маңғыт әмірі, әрі Едігенің әкесі Балтышақ тағайындалды. Едіге бұл кезде Тоқтамысқа қызмет етіп жүрген болатын. Сығанақтағы хан сарайындағы ақсүйектер ханға қарсы қастандық ұйымдастыруды ойлады. Осылайша 1379 жылы сығанақтық әмірлер таққа Тоқтамысты отырғызды. Сауран мен Отырар қалалары оған ұрыссыз берілді. Темірмәлік Тоқтамысты шайқаста жеңуді ойласа да, оның әскерлері Тоқтамыс жағына өтіп кетті. Темірмәлік көптеген сенімді әмірлері мен қорғаушыларының көмегімен қашуды ойлады. Алайда ол қолға түсіп, Тоқтамыстың бұйрығымен басы алынды. Онымен бірге беклербек Балтышақ та жазаға тартылды.

Тағы қараңыз

Үлгі:Ақ Орда хандары