Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Температуралық түйсіктер"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: Пайдаланылған әдебиет → Дереккөздер using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

18:06, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Температуралық түйсіктер (термиялық) - бізге жылулық пен суықтықтың түйсігін беретін тері түйсігінің бір түрі. Бұл сезгіштік дене температурасын рефлекторлық реттеу үшін үлкен маңызға ие. Сезім мүшелерінің классикалық физиологиясында жылулық пен суықтыққа сезгіштікті екі, бір-бірінен тәуелсіз сезгіштік түрлері ретінде қарастырады. Себебі, олардың әрқайсысында өз шеткі рецепторлық аппараты болады. Суықты түйсінудің анатомиялық аппараты болып Краузе шақшалары, ал жылуды түйсінудің аппараты — руфиндік денешіктер табылады. Бірақ бұл әлі тек ғылыми болжам ғана. Суықтықтық нүктелерді адекватты емес тітіркендіргішпен, мысалы, ыстық үшпен тітіркендіргенде, олар суықтық түйсінуін береді. Бұл — суықтықты парадоксалды түйсіну. Термиялық түйсіктерде терінің әр түрлі температураларға тез бейімделгіштігі маңызды рөл аткарады. Субъективті түрде нөлге тең температура орташа, тері температурасына тең температуралар болып табылады. Едәуір жоғары температура жылулықты сезінуді, ал төменгі температура суықтықты сезінуді береді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}