Тельман Жанұзақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:03, 2015 ж. тамыздың 2 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Тельман Жанұзақов (13.8. 1935, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы - 12.9.1978, Алматы) - жазушы, аудармашы. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.

Өмірбаяны

  • 1957 жылы ҚазМУ-ді бітірген.
  • Еңбек жолын 1956 жылы "Лениншіл жас" (қаз. "Жас Алаш") газетінің әдеби қызметкері болып бастаған. Осы газетте бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары міндеттерін атқарды.
  • 1967-1971 жылдары КОКП-нің органы — "Правда" газетінің Қазақстандағы тілшісі,
  • 1972-1974 жылдары екі тілде шығатын "Ара" журналының бас редакторы
  • 1974 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін "Қазақфильм" киностудиясы директорының орынбасары, директоры, Қазақстан Кинематограф одағының екінші хатшысы болды.

Шығармашылығы

Аудармалары

  • Швейцар жазушысы Ф.Дюрематтың "Сот пен жендет" повесін
  • Америка жазушысы Ф.Купердің "Могиканның соңғы тұяғы"
  • Толстойдың "Инженер Гариннің гиперболоиды" романдарын қазақ тіліне аударды.

Өз шығармалары

  • "Ради жизни на земле"
  • "Олимпийский факель"
  • "Азаматтар" атты кітаптары жарық көрді.

Құрмет

  • Райымбек ауданы Нарынқол ауылындағы орта мектепке есімі берілген.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}