Тағдырға айналған ән (көрме)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

2008 жылғы 3 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша орналасқан залында «Тағдырға айналған ән» атты көрме ашылды, ол КСРО халық артисі, ресей және әзірбайжан әншісі Муслим Магомедович Магомаевты еске алуға арналды.

Көрменің мақсаты М.Магомаевтың санқырлы шығармашылығы мен өміріндегі ең елеулі оқиғаларды көрсету болып табылды. Осыған орай бүкіл материал: «Баку. Отбасы. Балалық шағы», «Триумф», «Достардың тамаша қасиеттері», «Кино», «Музыка», «Кескіндеме», «Әдебиет», «Сайт» деген бөлімдерге бөліп ұсынылды.

Көрмеге жәдігерлер алынған бірқатар көздер: мұражай-қорықтың қоры, О.М.Тарлыкова мен О.В.Анисимованың жеке мұрағаттары. Қаламыздың тұрғыны, Ақпараттық қолдау қорының кеңесшісі А.Г.Самойлов аса қызық жәдігерлер берді, ол көптеген жылдар бойы әншімен оның дербес сайты арқылы араласыпты, оны М.Магомаев Мәскеуге өзінің 65 жылдық мерейтойына басқа «сайттық» достарымен бірге шақырған көрінеді. Әншінің өмірбаяндық кітаптарынан алынған үзінділер бүкіл экспозицияға ілестіріліп отырды, бұл оның өзі тікелей қатысып отырғандай әсер етті. Экспозицияға барлығы 119 жәдігер: 71 фотосурет пен 48 зат қойылды. Экспозиция жұмыс істеп тұрған кезде М.М.Магомаевтың орындауындағы классикалық шығармалар, орыс романстары, эстрадалық және неаполитандық әндер беріліп тұрды, оның концерттік репертуарында 600-ден астам шығармалар болған екен.


Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА