Таушайыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Таушайыр. Термин үш мағынада колданылады. 1. Тектік мағынасы: мұнайлар мен мұнайтектер қатарына жататын каустобиолиттер. Терминнің бұл мағынасындағы таушыайырлардың ең басты қасиеті олардың өзін кіріктіруші ортаға тектік тұрғыдан ешбір қатынасы жоқтағы, яғни олардың шоғырлану ошағына басқа өңірлерден ағып келуі; бұл мағынада таушайырдың ерігіштік қасиеті шешуші роль атқармайды. 2. 'Талдамалы мағынасы: бүгінгі тәжірибеге сәйкес, әр түрлі еріткіштер көмегімен көмірсутектер шоғырланған жыныс қабаттарынан бөліп алуға болатын бүкіл табиғи органикалық заттардың жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Бұл мағынада таушайырдың кіріктіруші ортамен тектік байланысы әртүрлі болуы мүмкін, алайда онын ерігіштік касиеті өте жоғары болуы шарт. 3. Техникалық мағынада: техникалық шикізат ретінде (мәселен, жол төсеніштері) колдануға болатын органикалық заттар түрінің (табиғи шайыртастар, өңделген мұнай қалдықтары, қарамайлар т. б.) жалпылама атауы. Терминнің бұл мағынасында таушайырлар техникалық сапа тұрғысынан сараланады. Бір ғана терминнің үш бірдей мағынаны иеленуі өте қолайсыз болғандықтан соңғы жылдар тәжірибесінде таушайыр терминінің әрбір мағынасына жеке атау беріліп жүр: таушайыр термині ешбір өзгеріссіз жоғарыда келтірілген бірінші ұғымда, яғни тектік мағынада ғана қолданылады; екінші (талдамалы) мағынадағы жиынтық атауды таушайыр тектестері деген термин кескіндейді; үшінші мағынадағы таушайыр термині әдетте техникалық таушайыр деген сөз тіркесімен алмастырылады. Ал таушайыр терминінің жоғарыда келтірілген үш бірдей мағынасының жиынтық атауын таушайыр тектес қоспалар деген сөз тіркесімен кескіндеген дұрыс.<ref>Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}