Тауман Салықбайұлы Амандосов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:37, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Infobox Biography

Тауман Салықбайұлы Амандосов (05.11.1921, Кеңөзек ауылы, Балықшы ауданы, Атырау облысы – 07.07.1991, Алматы қаласы) – филология ғылымдарының докторы (1982), профессор (1974), Қазақ КСР-і Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері (1982). 1942—46 ж. Атырау обл. «Коммунистік еңбек» газетінде, Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Партия тарихы ин-тында (1948—50) істеді. ҚазМУ-ды (1950, қазіргі ҚазҰУ) бітірген соң, сонда аға оқытушылыққа қалдырылған. Осы университеттің сырттай оқытатын бөлімінің проректоры (1952–1954), деканның орынбасары (1955), филология (1958–65) және журналистика (1966–1971) факультеттерінің деканы, кафедра меңгерушісі (1969–1991) қызметтерін атқарған. 1979 ж. «Қазіргі қазақ публицистикасының проблемалары» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған.

Амандосов қазақ публицистикасының теориясы мен тәжірибесі, баспасөз жанрлары, бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі мен журналистикасының қоғамда алатын орны туралы зерттеу еңбектерін

  • «Қазақ совет баспасөзінің жанрлары», 1968;
  • «Қазіргі қазақ публицистикасы», 1975;
  • «Совет журналистикасының теориясы мен практикасы», 1978 жазды.

Ғылыми зерттеу еңбектері негізінен қазақ журналистикасының теориясы мен тарихы мәселелеріне арналған. Атырау қаласында Амандосов атында көше бар.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref> .<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сілтемелер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тауман Салықбайұлы Амандосов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}