Тасарал

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:52, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Тасарал – Балқаш көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі арал. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында орналасқан. Ауданы 30 км2. Абсолюттік биіктігі 375 м. Су деңгейінен 35 м көтеріңкі жатыр. Сәл белесті денудацыялық жазықта тік жарлар кездеседі (биіктігі 3 – 17 м). Жағалық бөлігі террасалы белесті. Палеозойдың силур жүйесінің тығыздалған жыныстарынан түзілген. Климаты тым континентті. Қысы суық, қары аз, қаңтардың орташа температурасы –14 oС. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 25 oС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 150 мм. Қалыпты бозғылт қоңыр, шөлдік сортаң топырақтар тараған. Жусан, селеу, көкшұнақ бетеге, бұйырғын, тасбұйырғын өседі. Арал Кенесары мен Ағыбай батырдың сарбаздары дем алатын орын болған.