Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Тасарал"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш (clean up, replaced: темп-расы → температурасы (2) using AWB)
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

10:52, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі нұсқасы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Тасарал – Балқаш көлінің солтүстік-батыс бөлігіндегі арал. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында орналасқан. Ауданы 30 км2. Абсолюттік биіктігі 375 м. Су деңгейінен 35 м көтеріңкі жатыр. Сәл белесті денудацыялық жазықта тік жарлар кездеседі (биіктігі 3 – 17 м). Жағалық бөлігі террасалы белесті. Палеозойдың силур жүйесінің тығыздалған жыныстарынан түзілген. Климаты тым континентті. Қысы суық, қары аз, қаңтардың орташа температурасы –14 oС. Жазы ыстық, құрғақ, шілденің орташа температурасы 25 oС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. 150 мм. Қалыпты бозғылт қоңыр, шөлдік сортаң топырақтар тараған. Жусан, селеу, көкшұнақ бетеге, бұйырғын, тасбұйырғын өседі. Арал Кенесары мен Ағыбай батырдың сарбаздары дем алатын орын болған.