Тарту университетінің Вильяндидегі мәдениет академиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:09, 2017 ж. ақпанның 24 кезіндегі Ismukhammed (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Университет

Тарту университетінің Вильяндидегі мәдениет академиясы (Үлгі:Lang-et) — Вильянди (Эстония) қаласындағы жоғарғы оқу орны.

Тарихы

1952 жылы Таллиннде кітапхана ісі мамандарын және мәдениет саласындағы қызметкерлерін дайындаған Kultuurharidusala Kool (кейін — Tallinna Kultuurharidustöö Kool) мектебінің негізі қаланды. 1960-шы жылдары оқу орны Вильянди қаласына көшірілді. 1978 жылы атауы Viljandi Kultuurikool деп ауыстырылды. 1980 жылы мектеп жоғарғы оқу орны мәртебесіне ие болды. 1991 жылы атауы Viljandi Kultuurikolledž деп өзгертілді және халық музыкасы, көркем декорациясы, жарық және монтаж мамандықтары бойынша оқу жүргізілген. 2003 жылдан бастап академия мәртебесін ала тұрып, атауын Viljandi Kultuuriakadeemia дегенге ауыстырды, ал 2005 жылы Тарту университетімен біріктірілді және сол уақыттан оның толық атауы Тарту университетінің Вильянди мәдениет академиясы.

Факультеттері

  • мәдени білім беру факультеті (мамандықтар: бос уақытты ұйымдастыру және мәдениеттегі менеджмент);
  • орындаушылық өнер факультеті (мамандықтар: театрлық өнер, би өнері, визуалды технологиялар);
  • музыка факультеті (мамандықтар: дәстүрлі музыка, джаз, саунд-инжиниринг);
  • халық көркемөнер факультеті (мамандықтар: дәстүрлі тоқымашылық, дәстүрлі құрылыс, мұрагерлік қолөнерлер).

Академияда шамамен 800 студент білім алуда.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер

Үлгі:Эстония университеттері