Тарихи Алмарайи Аббаси

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:36, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Тарихи Алмарайи Аббаси(«Әлемді нұрландырған Аббастар тарихы») - тарихи шығарма. Авторы Аббас шахтың (1587 - 1629) қол астында қызмет еткен Сефеви әулетінің тарихшысы Ескендір Түрікмен Мунши.

Еңбек 2 томнан тұрады.

  • 1-томда Аббас шахтың туған күнінен бастап таққа отырғанға дейінгі оқиғалар баяндалған.
  • 2-том 2 бөлімнен тұрады.

1-бөлім 1616 жылға дейін, 2-бөлім Аббас шахтыңт өлген күніне дейінгі билік еткен кезінің тарихына арналған. Шығармада айтылған көптеген тарихи оқиғалар автордың өзі көріп қатысқандықтан, оның мәліметтері ерекше құнды. Еңбекте Тәуекел ханның Шайбани әулетінің өкілі Абдолла ханмен Сыр бойындағы қ-лар үшін күресі, Бұхара түбіндегі қазақ ханының соңғы шайқасы және өлімі туралы эңгімеленеді. Сондай-ақ, Есім ханның алғаш билікке келген жылдары Мәуереннахрдың жаңа билеушілері Аштархан әулетінің бейбіт келісімі сияқты маңызды оқиғалар сипатталған. Қазақ хандығының аумағында Ислам дінінің таралуы мен рөлі жөнінде де мәліметтер бар.

«Тарихи Алмарайи Аббаси» Тегеранда (1896) және Ис-фаханда (1956) жарық көріп, Мэуереннахр және түрікмендер мен Түрікменстан тарихына қатысты тұсы 1938 жылында аударылған.

<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub