Талибан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:32, 2016 ж. қарашаның 1 кезіндегі EmausBot (Талқылауы) істеген түзету

Талибан - [араб, талиб - "ізденуші"] - 1990-жылдардың екінші жартысында пайда болған діни-саяси қозғалыс. Мүшелерінің басым көпшілігі Пәкістан медреселерінде (этникалық пуштундардан) тәлім алған ауған босқындарының балалары болған; бірте- бірте олардың қатарына ауған офицер - пуштундар қосылды. Қозғалыстың идеологиясы біртіндеп ислам құқын енгізуді көздеген радикалды саяси суннизмге негізделген. Қозғалыстың рухани көсемі - молла Мухаммед Омар. Бастапқыда "Талибан" қозғалысының мақсаты моджахедтер үкіметін құлатып, Ауғанстанды ислам мемлекетіне айналдыру еді. 1996 жылы талибтер билікті басып алып, жаңа мемлекет - Ауғанстан Ислам Эмиратын жарияла¬ды, олардың қанша күш салғанына қарамастан, халықаралық қауымдастық бұл мемлекетті мойындамады. Эмиратты құруды талибтер мұсылман әлемін біртұтас халифатқа біріктірудің алғашқы қадамы санады. Талибтер тәртібі Ауғанстаннан тыс жерлердегі бірқатар радикалды исламдық топтарға қолдау көрсетті (мысалы, Ресейде, Қытайда, Орталық Азия мемлекеттерінде), сондай- ақ трансұлттық ұйым Әл-Каидамен тығыз байланыс орнатты. 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тағы Бүкіләлемдік сауда орталығын қиратқан соң Ауғанстан Ислам Эмиратында жасырынуы мүмкін Әль-Каида жетекшісі Осама Бен Лaденді ұстауға жәрдем беруден бас тартты. 2001 жылы соңында "Талибан" тәртібі "ағылшын-американдық" әскери шарадан кейін оппозициялық ішкі ауғандық күштердің қолдауымен құлатылды.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Талибан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}