Талдау түрлері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:58, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Шырайлылық талдама

Кейбір қатты заттардың немесе олардың ерітінділерінің шырайлану қабілетіне, яғни олардың асакүлгіндік, катодтық, анодтық, рентгендік, радиоактивтік.б. қоздырғыштар әсерінен әр түрлі түстерге боялу қасиетіне негізделген талдама. Шырайлылық талдама көмірсутектердің кенорындарын зерттеудің барлық сатылары барысында кеңінен қолданылады.

Морфотектоникалқ талдама

Жербедердің көтеріңкілігі мен ойдымдылығы дәрежесін саралау нәтижесінде тектоникалық қозғалыстарының бағытын және қарқынын және амплитудасын анықтау әдісі.

Маркуссон талдамасы

1926 жылы И. Маркуссон ұсынған топтық талдама сұлбасы; шайыртастарды сипаттау мақсатында қолданылады. Аталған сұлбаға сәйкес, шайыртастар қышқыл құрамбөліктерге (шайыртастық қышқылдарға және ангидриттерге), петролейн эфирінде ерімейтін шайыртастақтар тұнбасына, ерітінді құрамында қалған майларға және бейтарап шайырларға жіктеледі.

Игеру талдамасы

Өнімді горизонттарда (қойнауқаттарда) өтіп жататын процестерді және мұнай мен газ қорларының орналасу ерекшеліктерін зерттеу, осы зерттеулер нәтижесіне сүйене отырып, игеруді реттеп отыру жөніде ұсыныстар енгізу мақсатында мұнай (газ) жатынын игеру барысыңда ұңғымалар мен қойнауқаттарды геологиялық-кәсіптік, геофизикалық, гидродинамикалық т.б. тұрғыдан зерттеу нәтижелерін кешенді түрде саралау. Синонимі — игеру процесінің талдамасы.

Рентген-спектрлік талдама

тау жынысытардан дайындалған сынама ұнтақтарына кіретін элементтердің өте аз мөлшерлерін анықтап, олардың сандық өлшемін нақтылайтын талдау тәсілі. Бүл тәсіл әрбір химиялық элемент атомы арнаулы жағдайларда ұзындығы тек өзіне ғана тән рентген сәулелерін бөліп шығара алатындығына негізделген.

Түзілімденулік талдама

Дисперсиялық ортадағы түйірлер мөлшері таралуының функциясын анықтауға мүмкіндік беретін сандық зерттеулер әдісі. Түйірөлшемдік талдама тәсілдерінің ішіндегі ең тиімділерінің бірі болып табылады.

Спектрлік талдама

Заттың құрамы мен құрылыс ерекшеліктерін сол заттарға тән спектрлер көмегімен анықтайтын физикалық реттеу әдісі; заттардың сәуле тарату және сәуле жұту спектрлерін саралауға нгізделген. Заттардың құрам ерекшеліктерін сипаттауды қажет ететін өндірістік әселелерді шешуге пайдаланылады. Синонимі — " спектроскопия".

Фациялық талдама

Көне шөгінділердің ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу нәтижесінде солар түзілген дәуірлерде етек алған физикалық-географиялық жағдайды қалпына келтіру тәсілі.

Фораминиферлік таддама

Жүзгіндердегі, түптік шөгінділердегі, жалпы шөгінді тау жынысытардағы "фораминиферлер" деп аталатын жәндіктердің қазба қалдықтарының әрбір түрінің түрлік құрамы мен сандық көрсеткішін анықтау. Микропалеонтологияға, биостратографияға және палеогеографияға тиесілі жекелеген әдістердің бірі болып табылады.

Формациялық талдама

Нақтылы физикалық-географиялық жағдайларда бір-бірімен астаса түзілген тау жынысы бірлестіктерінің өзіндік ерекшеліктерін саралай отырып, сол бірлестіктерді кіріктіретін тектоникалық құрылымның жалпылама даму тарихын қадағалау тәсілі.

Циклдік талдама

Шөгінді қабаттар қимасында тау жынысытардың заңды түрде астасқан оралымдарын анықтау, сол оралымдардың өзіндік сипатын саралау, олардың көлбеу және тік бағыттардағы бір-бірін алмастыру ерекшеліктерін айқындау мақсаттарын көздей отырып, іс-тәжрибе мәселелерін шешуге қажетті теориялық тұжырымдарды жасақтау үшін қолданылатын зерттеулер әдісі.

Төлнұсқалық шырайлылық-таушайыртанымдық талдама

Нақтылы таушайырлы заттар ерітіндісіндегі таушайыр мөлшерін сол ерітіндінің шырайлану қарқындылығын төлнұсқа ретінде алынған таушайырлы заттар ерітіндісі шырайлануының қарқындылығымен сәйкестіре салыстыру нәтижесінде анықтау әдісі.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}