Тазы итке қатысты тыйымдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:31, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Итті қанша қастерлегенімен ас тағамдарға, әсіресе ақ тағамдарға иттің аузының тигенін қазақтар жаман ырымға жориды. Сондықтан киіз үйге ит оңай кіріп кетпес үшін "ергенек" (ергеншек) деп аталатын жіңішке ағаштардан істелген ағаш салалы, торлы бөгетті киіз есік ішінен істейді. Қазақта "Есіктен ергенек кетсе, иттен ұят кетеді" деген сөз соднан туған.

Сойылған малдың етіне адам ауыз тимей ит иіскеп немесе ауыз тиіп қойса, ет "харамдалды" деп ырымдайды қазақ сенімінде. Иттің қысқа-қысқа, үзіп-үзіп ұлуы жақсылық нышаны дейді қазақ. Ал оның мезгілсіз уақытта қасқырша ұзақ ұлуы, қыңсылауы жаманшылықтың жақындағаны дейді. Ит ұлыса өлім-жітім болады, сойқан, елге бақытсыздық болады, адамдар "ұлып" қалар ме екен, табиғат апаты (жер сілкіну, сел, көшкін, тасқын, боран) деп ырымдап ұлыған итті ұрып, ауылдан қуады. Қазақта: "Ит көкке, яғни аспанға қарап үрсе сол үйдің шаңырақ иесіне "көрінеді", үй иесі өледі деп ырымдап жоритын ғұрып бар. Мұндайда кейде итті өлтіріп, жерге көміп, үстіне жеті кісі қара тас тастап бастырып, түкіріп, пәле-қала өз басыңмен кетсін,— деп дауалап, домдайды. Мұндай ырым-тыйымдар Орта Азия халықтарының көбінде ұшырасады.

Ит таластыру арқылы сапалы иттерді таңдап алып, оларды аңшылыққа, малшылыққа, тағы басқадай мақсаттарға пайдаланып келген. Кейде ауылдың еріккен адамдары "ит таластырып" көңіл көтерген.

Бұрынғы кездегі аласапыран нәубат замандарда жан сауғалау қамымен "үрке, үдере" көшкенде итті серік етіп, оларға да иттің шама-шарқына сәйкес қажетті заттарын теңдеп артқан. Ел басына күн туғанда амалы қалмаған немесе тақыр кедейліктен осындай аянышты халге душар болуды қазақ "итке қос артқандай (болып жету)" деген бейнелі сөзбен суреттеп, лажы қалмай өлімші халге жеткен жандарға қаратып айтады. Итке мініп отыруға болмайды дегенмен, кемпірқосаққа ит мініп барсақ ол түрлі маржан әшекей ұлестіреді-мыс деп балаларды сендіреді.

Қазақ иттің "елес, белгісіз заттық емес бейнелерді" сезуге, көруге, білуге қабілетті қасиеті бар дейді. Ертеде ит басқалардың жынын көргіш келеді, бақсы отырған үйдің "босағасын қабады" деп сенген. Сол тәрізді ит бәле-жала, жын-шайтанды да көріп, оларға үреді дейді. Ал егер ит иесіне қарай жүгірсе тектен-тек емес. Ол шын мәнінде иесіне қарай келе жатқан бәле-жаланы көріп, оны хабарлауға асыға ұмтылады екен деп аңыз етеді.

Иттің адамның түсіне енуді жорудың өзі сан алуан: егер түсіңде ит көрсең, адал досыңа сәттілік болады, жүгірген ит көрінсе, онда өзің жаңа орынға жайғасуға орын іздейсің, қара ит түске енсе, дүшпандарыңнан сақтану керек, ақ ит түске кірсе, жақсылықтың нышаны, ырыс. Түске төрт көз ит кірсе немесе "ақ төс қара ит" көрінсе бұлар "кәпір, дүшпандар" олардан сақтанудың қамын ойлану керек дейді түс жорушылар.

Иесіне шын берілген тазы оған қауіп төнгенде өзін өлімге қиюға дейін баратың адал да, берілген хайуан". Ит адамға жақын табиғат ана перзенті болғандықтан ит жылы туса адамдар ойға алған ісі орындалады, тоқшылық пен молшылық болады, олқылық толып, тыныштық мамыражай шақ болады деп сенген. Сайып келгенде, итке қатысты қазақтардың дәстүрлі танымы, ырым-тыйым, сенім-нанымы этностың мәдени, рухани қарекетінде символдық бейнеге ие өзіндік ролі бар мәдени категориялардың бірі болып табылады. Ол албасты, жындардың көмекшісі, әрі олар ит бейнесіне еніп келіп адамға жамандық жасайды деген. Ит пәни мен жалған дүниенің арасын жалғап түрған байланыстырушы, өтпелі кезеңнің дәрежесін білдіретін рәміз. Ол қазақтардағы ит жейде, көбею, өну, өлімге қатысты сенім-нанымында байқалады. Сонымен қатар ит отбасының береке, құты тұрақтайтын "мекені" іспетті. Қысқасы, ит әлеуметтік және іс-қарекеттік шындықтың заттанған түрі болып саналады.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}