Тазагүл Мұқашқызы Әбдікәрім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:01, 2016 ж. наурыздың 25 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Ғалым Тазагүл Мұқашқызы Әбдікәрім — ( 1942 жылы 24 ақпанда дүниеге келген. Ақмола облысы, Вишнёвка, Акмолинская область, Қазақ КСР) — педагогика ғылымдарының докторы, профессор, әдіскер, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, Қазақстанның педагогикалық ғылымдар Академиясының мүшесі.

Еңбек жолы

  • 1964 жылы Абай атындағы Саран педучилищесін бітірген соң, Шахандағы № 41 кәсіби-техникалық училищесінде кітапханашы болып жұмыс істей бастайды.
  • 1966—1968 жылдары эстетикадан сабақ берді.
  • 1976 жылы ҚарҚарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдады.
  • 1973 - 1977 жылдары Жезқазаған қаласының № 8 мектебінде мұғалім болып қызмет етеді.
  • 1977 жыл мен 1984 жыл аралығында «Қазақ тілі» мен «әдебиет» пәндері бойынша мұғалім және әдіскер болып жұмыс істейді.
  • 1985—1990 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының кіші ғылыми қызметкері болды (бұрынғы Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми-зерттеу институты).
  • 1990—1994 жылдары Абай Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.
  • 1991 жыл мен 1992 жыл аралығында «Қазақ филологиясы» факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған.
  • 1993 жылы «Бастауыш сыныптарда мәтін арқылы тілді дамыту» кандидаттық диссертациясын қорғаған.
  • 1994 – 1997 жылдары Абай Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қазақ тіл білімі кафедрасының доцент қызметін атқарған.
  • 1998 жылдан бастап ЕҰУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасында ғылыми және оқытушылық қызметін жалғастырып келеді.
  • 2007 жылы ««Әліппе» және «Ана тілі» оқулықтарында мәтіндерді құрастыруда ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғаған.
  • 2011 жылы Қазақстанның педагогикалық ғылымдар Академиясының толық құқылы мүшесі атанды.

Ғылыми қызығушылығы

Бастауыш, орта және жоғары мектептерде қазақ тілі әдістемесін оқыту теориясы мен практикасы. Терминология, қазақ тілінің функционалдық стилистикасы (ғылыми стиль).

Еңбектері

  • Әбдікәрім. Т. М.,Т. М. Әбдікәрім, Р. С. Қаржасбаева (2008) Қазақ тілін оқытуда қолданылатын талдау түрлері : оқу-әдістемелік құрал. - Астана : Еуразия гуманитарлық институты. - 222 б. -ISBN978-601-7118-01-3:3456
  • Әбдікәрім Т.М., Р. С. Қаржасбаева (2008) Қазақ тілін оқытуда қолданылатын талдау түрлері. 100-ден астам ғылыми, ғылыми-атақты және оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Олардың ішінде 23-ке жуығы оқулықтар мен әдістемелік құралдар.
  • ЖОО арналған қазақ тілін оқыту әдістемесі: практикалык және лабораториялык жұмыстар. — Алматы: Ана тілі, 1999. — 224 бет.
  • Бастауыш сыныпта мәтін арқылы тіл дамытудың ғылыми негізі мен оқыту әдістемесі (монография). — Алматы: Ғылым, 2002. — 312 бет.
  • Қазақ тілін оқытуда қолданатын талдау түрлері. Оқу әдістемелік құрал. — Астана: Еуразия гуманитарлық институты, 2008. — 222 бет.
  • «Latun-gazag alippesі» (өздігімен үйренуге арналған). Оқу әдістемелік құрал. — Астана: Еуразия гуманитарлық институты, 2009. — 150 бет.
  • «Ана тілі» оқулығы. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық: инновациялык технологиямен жасалған. — Алматы: Атамұра, 2010. — 352 бет.
  • Ана тілі. Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған: өңделген үшінші басылымы. Алматы: Атамұра, 2010. — 208 бет.
  • «Ана тілі» оқулығын оқыту әдістемесі. Инновациялық технологияны қолдану негізінде жазылған. Алматы: Атамұра, 2010. — 152 бет.