Сөк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:48, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сөк – тарыдан жасалатын тағам түрі. Сөк дайындау үшін тарыны әбден тазалап, үлкен қазанға су құйып қайнатады. Қауызы ашыла бастаған кезде шыптаға салып сүзеді. Оны кептірмей, қазанға салып қуырады. Күйіп кетпеуі үшін ұстауға ыңғайлы, бір жақ басына шүберек оралған былғауышпен араластырып отырады. Қуырылған тары піскен соң келіге салып келсаппен түйеді. Түйілген тарының қауызын (кебегін) ұшырады. Мұны қаралау дейді. Қаралап болғаннан кейін қайтадан келіге салып түйеді. Мұны ақтау дейді. Ақталған тарыны сөк деп атайды. Сөктен түрлі майсөк, жарма, тары көже, төп, бөртпе, т.б. дәмді тағамдар жасалады. Сүтке, қаймаққа араластырып та, құрғақтай да жеуге болады. Сөк — қазақ халқының ертеден дайындап, ішіп-жеп келе жатқан тағамының бірі. Ол тарыдан жасалады. Ақталмаған тарыны қара тары дейді. Бұдан сөк дайындау үшің қара тарыны әбден тазалап, үлкен қазанға су құйып қайнатады. Қауызы ашыла бастағанда тарыны қайта алып, шыптаға салып сүзеді. Оны кептірмей, қазанға салып қуырып, былғауышпен күйдірмей араластырып отырады. Ұстауға ыңғайлы, бір жақ басына шүберек оралған ағашты былғауыш дейді. Қуырылған тары енді піседі. Оны ыдысқа салып алады да түйеді. Түюге келі мен келсап пайдаланылады. Қуырған тары осыған құйылады да, оны келсаппен соғады. Түйілген тарының қауызы уатылып, ішіндегі дәні бөлінеді. Мұны тары түю дейді. Осы кезде оны қайтадан қотарып алып, қауызын (кебегін) ұшырады. Мұны қаралау дейді. Қаралап болғаннан кейін, оны қайтадан келіге салып түйеді. Мұны ақтау дейді. Ақталғаннан кейін оны сөк деп атайды. Сөктен түрлі талқан, жарма, тары көже, сүт көже, төп, бөртпе тағы басқа дәмді ұлттық тағамдар жасалады. Сөкті сүтке, қаймаққа, майға араластырып жейді. Балалар, жастар сөкті құрғақтай да жей береді. Тарыны диірменге тартып талқан жасайды. Сөкті майға қуырады, оны майсөк деп атайды.


<ref> Қазақ энциклопедиясы</ref>

Пайдаланған сілтеме

<references/> 
{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Сөк|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}