Сөздік-логикалық ойлау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сөздік-логикалық ойлау - ойлау әрекетінің ерекше бір түрі. Сөздік-логикалық ойлауда белгілі ұғым-түсініктер түрлі ой-әрекеттері арқылы анықталып, жүйеге түседі. Мұндай ой әрекеті заттар мен тікелей сезімдік, таным тәжірибелеріне негізделмейді. Ойдың шындығы мен ақиқаттығы ақыл-ой талқысы арқылы анықталады. Сөздік-логикалық ойлау — ойлау түрлерінің бірі, ұғымдарды, логикалық кұрылмаларды пайдаланатынымен сипатталады. Сөздік-логикалық ойлау өз функциясын тілдік құралдар негізінде атқарады және ойлаудың тарихи және онтогенездік дамуының неғұрлым кейінгі кезеңі болып табылады. Сөздік-логикалық ойлаудың құрылымында жалпылаулардың алуан түрлері өз функцияларын атқарады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}