Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сәулебек Бәйбекұлы Асылхан"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
09:34, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы
Сәулебек Бәйбекұлы Асылхан (6.2.1949 жылы туған, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданы Қарашілік ауылы) - актер, режиссер, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
- 1968 ж. Қазақ академиясы драма театры жанындағы студияны (В.И. Иванов, А.Өтегенов пен Қ.Қуандықов шеберханасы бойынша),
- 1975 ж. Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) режиссура бөлімін (Ә.Мәмбетов шеберханасы бойынша) бітірген.
- 1979 - 80 ж. Мәскеудегі жоғары режиссерлер курсында(режиссері М.А. Захаровтың жетекшілігімен) оқыды.
- 1968 - 71 ж. Қазақ академиясы драма театры құрамында актер болып, Жайнақ (Ш.Айтматовтың "Ана - Жер-анасында"), Өзбек (М.Әуезовтің "Айман - Шолпанында"), Олжабай (С.Жүнісовтің "Ажар мен ажалында"), Байбол (Қ. Мұхамеджановтың "Жат елдесінде"), т.б. рольдерді орындады.
- 1975 - 78 ж. Талдықорған облысы драма театрында режиссері,
- 1980 - 88 ж. Қазақ академиясы драма театрында режиссер,
- 1988 - 91 ж. Талдықорған облысы драма театрында бас режиссері,
- 1997 - 98 ж. "Қазақстан-1" телеарнасында режиссер,
- 1998 жылдан Алматы облысы филармониясының бас режиссері,
- 2002 жылдан Мәдениет министрлігінің театр бөлімін басқарады.
Сахналаған спектакльдері
- Т.Қалилахановтың "Абылай аманаты", (1975),
- Т.Ахтановтың "Әке мен бала" және "Күшік күйеу" (1975,1978),
- Әуезовтің "Түнгі сарын" (1989),
- А.В.Вампиловтың "Тұңғыш ұл" ("Сүйінші, табылды, табылды" деген атпен,1978),
- Д.Исабековтің "Мұрагерлер" және "Кішкентай ауыл" (1983,1986).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}