Сәрінжіп Әзбергенұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сәрінжіп Әзбергенұлы (1862-1935), ақын. Қаракесектің Кәрсен руынан. Шет аударғандағы Тағылытауының баурайында туған. Жастайынан өнер қуып ақындықты өзіне мұрат еткен. Атақты Нарманбет, Дия қажылардың тұрғылас замандасы. Сәрінжіптің көптеген өлеңі әлеуметтік теңсіздік тақырыбын қамтиды. Қазан теңкерісі басталысымен ақпен қызылдар арасындағы кескілескен ұрыстар жергілікті халыққа үлкен зобалаң туғызған болатын. Сол бірқатар түнек заманда Шу бойына қоныс аударуға мәжбүр болған қазақтардың ата-мекенді қимай қоштасуы Сәрінжіп ақын: «Күн барма қайта оралар кең мекеңге, Бұл жерде бала туып, ер жетер ме, Жөңкіліп жаудан үркіп, аудық қой біз . Еркімен жерін тастап ел кетерме...» - деп суреттейді. Арқаға қайта оралған елмен бірге туған жерге жеткен Сәрінжіп ақын «Жастерек» ұжымшарын ұйымдастырушылардың бірі болған. Ақынның шығармалары кағаз бетін көріп, жарыққа шықпаған Сәрінжіп өзі туған өңірде дүние салып , Тағылының баурайына жерленген.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}