Сәйдәлім Тәнекеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:36, 2016 ж. наурыздың 23 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Сәйдәлім Тәнекеев (5.8.1924 жылы туған, Алматы облысы Шонжы кенті) - жазушы. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.1947 - 49 жылы ҚазҰУ-да оқыған. Алматы облысы Ұйғыр ауданы партия комитетінің облысында, Жамбыл ауданы партия комитетінің екінші хатшысы, Іле ауданы Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Ұйғыр ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы, облыс Мәдениет басқармасының бастығы, қазіргі Жаркент ауданның партия комитетінің бірінші хатшысы, 1960 - 78 жылы Қызылорда облысы партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, 1978 жылы Республика Бақылау комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан тұтынушылар одағының төрағасы болды. 1963 - 86 жылы Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан КП ОК-нің мүшесі, 1988 жылдан Қазақстан мүгедектер қоғамының төрағасы. Екі рет I Дәрежелі Ұлы Отан соғысы, II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, "Қызыл Жұлдыз", төрт рет Еңбек Қызыл Ту, екі рет "Құрмет белгісі"ордендерімен,Маңғолияның "Құрмет" орденімен, Қазақстан Жоғары Кеңесінің құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған.

Шығармашылығы:

  • Қиян асу. Повесть. А., 1976;
  • Серпін. Роман. А., 1991;
  • Ереуілтөбе әсерлері - 1916 жылы А., 1994;
  • Иір-қиыр, бұраң жол. Роман-эссе. А., 1999;
  • Жүрекке түскен жара. Повесть-хикая. А., 2000.

<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}