Сүлеймен хазірет Соқыранұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:27, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сүлеймен хазірет Соқыранұлы (18001849) - діндар-ғұлама, Бөкей ордасынан шыққан зиялылардың бірі, Самарқандағы діни медресені тәмамдаған дамолла.

Тегі — ноғай-қазақ. Бай кітапханасы болған. Оны құрмет тұтып, Орданың бас имамы болуға шақырған. Бірақ Сүлеймен оған екеуінің достық қарым-қатынаста екендігін, қызмет бабында жүз шайысып қалулары мүмкіндігін желеу етіп, келісім бермейді.

Дін уағыздап, жергілікті медресе-мешіттерде дәріс оқуды қолай көреді. Жәңгір қайтыс болғанда Сүлеймен хазірет Құран оқып, жаназасын шығарған. Зираты Орда ауылының терістік бетінде, құлпытасы сақтаулы. Жергілікті халық оны қасиетті жер санап, басына тәу етіп, садақа береді.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub