Сүлеймен Есқараев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:33, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сүлеймен Есқараев (1897, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы25 ақпан 1938, Алматы) — мемлекет қайраткері.

Өмірбаяны

  • Азамат соғысына қатысқан.
  • Ақмешіт уездік-қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы
  • РК(б)П Түркістан ОК бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары
  • Сырдария облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы
  • РК(б)П Сырдария облысы комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
  • 1925 — 28 жылдары Қазақ АКСР ішкі істер халық комиссары қызметтерін атқарған.
  • 1928 жылы ұлтшыл ретінде Қазақстаннан қуылып, Орынбордағы өлкелік милиция мектебінің бастығы болды (1928 — 29).
  • 1930 — 33 жылдары Мәскеуде Бүкілодақтық жоспарлау академиясында оқыған.
  • 1936 — 37 жылдары Қазақ КСР Заң халкомы және республика прокуроры
  • Қазақ КСР Халком Кеңесі төрағасының орынбасары болды.
  • 1937 жылы тамызда Қазақстандағы контрреволюциялық ұйым жетекшілерінің бірі деген жалған айыппен тұтқындалып, 1938 жылы Алматы қаласында атылған. 1957 жылы 5 қарашада ақталды.

Есте қалдыру

  • ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 3 қарашадағы № 1485 қаулысымен ҚР Бас прокуратура жанындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық тәртібін зерттеу Институтына Қазақ КСР-ның тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың есімі берілді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}