Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Сүлеймен Есқараев"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (1 түзету) |
|
(айырмашылығы жоқ)
|
18:33, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі нұсқасы
Сүлеймен Есқараев (1897, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы — 25 ақпан 1938, Алматы) — мемлекет қайраткері.
Өмірбаяны
- Азамат соғысына қатысқан.
- 1919 — 20 жылдары Ташкенттегі кеңес-партия мектебінде оқыды.
- 1920 — 25 жылдары РК(б)П Сырдария облысы комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, Ташкент облысы төтенше комиссиясы бастығының орынбасары
- Ақмешіт уездік-қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы
- РК(б)П Түркістан ОК бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары
- Сырдария облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы
- РК(б)П Сырдария облысы комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
- 1925 — 28 жылдары Қазақ АКСР ішкі істер халық комиссары қызметтерін атқарған.
- 1928 жылы ұлтшыл ретінде Қазақстаннан қуылып, Орынбордағы өлкелік милиция мектебінің бастығы болды (1928 — 29).
- 1930 — 33 жылдары Мәскеуде Бүкілодақтық жоспарлау академиясында оқыған.
- 1933 — 36 жылдары Қарағанды облысы кеңесі атқару комитетінің төрағасы
- 1936 — 37 жылдары Қазақ КСР Заң халкомы және республика прокуроры
- Қазақ КСР Халком Кеңесі төрағасының орынбасары болды.
- 1937 жылы тамызда Қазақстандағы контрреволюциялық ұйым жетекшілерінің бірі деген жалған айыппен тұтқындалып, 1938 жылы Алматы қаласында атылған. 1957 жылы 5 қарашада ақталды.
Есте қалдыру
- Қызылорда қаласындағы бір көшеге Есқараев есімі берілген.
- ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 3 қарашадағы № 1485 қаулысымен ҚР Бас прокуратура жанындағы прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық тәртібін зерттеу Институтына Қазақ КСР-ның тұңғыш прокуроры Сүлеймен Есқараевтың есімі берілді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}