Сүлеймен Баязитов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:27, 2014 ж. маусымның 16 кезіндегі Arystanbek (Талқылауы) істеген түзету

Сүлеймен Баязитов<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref> 1944 жылы 2 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданының Ж.Шанин ауылында туған. Павлодардағы мал дәрігерлік техникумын және Қарағанды Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.

Жұмыс баспалдағы

1971 жылы Баянауыл аудандық «Жеңіс» (қазіргі «Баянтау») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 19971999 жылдар аралығында облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде тілші болып қызмет еткен. 1999 жылдан бері Красноармейка орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша мұғалім болып қызмет етеді.

Еңбегі

Алғашқы әңгіме, өлеңдері 19621963 жылдары «Тың өлкесі» газетінде жарық көріп, содан бері әңгіме, аңыз, повестері аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарда жарияланып тұрады. 1972 жылы Павлодар қаласында өткен жас ақын-жазушылардвің республикалық, аймақтық Кеңесіне қатысқан. Ақынның «Бастау» (1979), «Жасыбай батыр» (2004), «Құдіреті күшті бір Алла» (2004), «Елсіздегі елес» (2004), «Хан ием» (2004), «Жаралы жердің жанары» (2006), «Көне қазақтың қыңыр қисыны» (2007) атты жинақтары жарық көрген.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub