Сіңірдің созылуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:36, 2014 ж. сәуірдің 22 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Буынға шамадан тыс созу күші түскенде оның айналасындағы сіңірлер созылады. Қол-аяқ бұлшық еттерінің соғылғандығы мен созылуын тек рентгеноскопия арқылы ғана анықтауға болады. Шытынап сынған жер мен буынның созылуына бірдей ем қолданылады. Буынды қозғалыссыз ұстау керек, оны бұл үшін қимылдатпайтындай етіп байлап тастаңыз. Қатты созылған жер 3—4 аптадай уақыт өткесін барып жазыла бастайды. Ал сынған сүйектің жазылып, бітуіне бұдан да көбірек уақытты қажет етеді. Ауруды жеңілдетіп, ісікті басу үшін созылған жерді жоғары көтеріп ұстаңыз. Алғашқы бірінші, екінші күндері іскен буынға әр сағат сайын 20—30 минуттен шүберекке не пластикке оралған мұз, әйтпесе салқын сумен ылғалдалған шүберекті басып отырыңыз. Бұл ісіктің бетін қайтарып, ауырған жердің сыздағанын қойдырады. Ісіктің азайып беті қайта бастаған кезден 24—48 сағат өткесін сол жерді ыстық сумен сүртіп, сылап қойыңыз.

Тез жазылып кетуі үшін созылған буынға қолдан жасалған жақтау қалақша немесе эластикалық бандаж салып бекітіп қойыңыз. Аяқ пен табанды эластикалық бандажбен таңып байлау ісікті болдырмайды немесе оның азаюына септігін тигізеді. Байлауды аяқтың башпайларынан бастап жоғары қарай суретте көрсетілгендей, орап таңу керек Бандажды өте қатты қысып байламаңыз және 1—2 сағат сайын аз уақытқа босатып тұрыңыз. Аспирин ішіңіз. Егер ісік 48 сағат өткеннен кейін қайтпаса, дәрігерге барып көріңіз. Алдын-ала сақтандыру: созылған буынга немесе сынған сүйекке ешуақытта үйкелеп массаж жасаушы болмаңыз. Бұдан зиян келмесе, пайда болмайды

Егер аяқ "бұлғалақтап" немесе "салбырап" қалса, әйтпесе аяғыңыздың саусағын жыбырлатқанда қолайсыз да жайсыз ауырсынуды сезінсеңіз, дәрігерге керініңіз. Бәлкім, хирургиялық көмек қажет болып қалар.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}