Сырмақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

18:47, 2017 ж. сәуірдің 18 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сурет:Сырмақ — киізден жасалып өрнектелетін төсеніш.jpg
Сырмақ — киізден жасалып өрнектелетін төсеніш.

Сырмақ (Үлгі:Lang-ky) — киізден жасалып, өрнектелген қазақ төсеніштері. Көбіне үйдің қабырғалары мен еденін сәндеу үшін қолданылатын қолдан жасалған, арнайы тоқу технологиялары бар бұйымдар.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref><ref name="БСЭ">Үлгі:Cite web</ref>

Атауы

«Сыр­мақ» атауы оны дайындау әдісінен алынған. Қазақта «сыру» деген сөз арасын жиі етіп тігетін тігістің түрі, жиі етіп бастырып тігу дегенді білдіреді.<ref name="dmk.kz">Үлгі:Cite web</ref>

Тарихы

Алғашқы сырмақ пішінінің қалыптасуына қазақ елінің ежелгі тұр­мысында кездесетін қарапайым жағдайлар себеп болған. Мысалы, кө­нерген киіздерді қа­баттап төсеу, одан соң оны қобырай бермеу үшін қабаттап көктеу. Осындай жағдайдан бара-бара қабаттауды белгілі бір пішінге келтіріп, ық­шамдап төсеп, көктеуді де бірте-бірте жиі ті­гістерге ауыстырып, одан әрі сыруға көшкен деп санауға болатын сияқты. Бұдан әрі басылған кесек киіздерден қалаған мөлшерде кесіп алып, оны қабаттап сырып, шағын төсеніштер жасала бастаған.<ref name="dmk.kz" />

Киіз үйдің негізгі бөлшектерінің бірі боп табылады.<ref name="БСЭ" />

Тоқу технологиясы

Арнайы басылған киізге басқа түсті киізден, матадан қиып дайындалған ою-өрнекті сырып тігу арқылы жасалады.<ref name="dmk.kz" />

Сырып тігудің тәсілдері

Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар: қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұларды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады.<ref name="dmk.kz" />

Тағы қараңыз

Кітаптар

Дереккөздер

<references/>