Стоматология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Стоматология (Үлгі:Lang-grc – ауыз + Үлгі:Lang-grc2 – ғылым) — тіс, ауыз іші, жақ сүйектері мен бет аурулары, оларды анықтау, емдеу, олардан сақтану туралы ғылым; клиникалық медицина саласы. Стоматология (грек. stoma, stomatos – ауыз және logos – ілім) – клиникалық медицинаның тіс, ауыз қуысы, жақ сүйектері, бет пен мойынның оған шектесетін бөліктерінің ауруларын зерттейтін саласы. Тіс аурулары мен ауыз қуысы жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер Сушрут (Үндістан), Гиппократ, Гален, Цельс, т.б. еңбектерінде кездеседі. Бірақ стоматологияның өз алдына жеке ғылым ретінде дамуы 20 ғасырдың 1-жартысынан басталады. Ғылым пән ретінде стоматологияның негізін салған француз хирургы П.Фошар (1690 – 1762) болды. Стоматология емдеу тәсілдеріне байланысты терапия, хирургия, ортопедия (протездік) стоматология және балалар стоматологиясы болып бөлінеді. Терапиялық стоматология – арнайы хирургия көмекті қажет етпейтін ауруларды (тіс, тіс айналасындағы тіндердің және ауыздың шырышты қабығының) дәрі-дәрмекпен, физиотерапия әдістермен емдейді және аурудың алдын алу жолдарын қарастырады. Ортопедиялық стоматология – тісті шегендейді, тіс, жақ, таңдай және бет кемістігіне протез жасайды. Хирургиялық стоматология – әр түрлі қабыну процестерін, жақ, бет, тіс сүйектерін хирургиялық операция арқылы емдейді. Сондай-ақ емдеуге келмейтін тісті жұлады. Балалар стоматологиясы бала тістері мен ауыздың шырышты қабықтарын емдеуді жетілдіру және алдын алу шараларын қарастырады.

Қазақстанда стоматология саласындағы зерттеулер 1960 жылдары басталып, республикадағы мед. жоғары оқу орындары мен Алматыдағы Дәрігерлер білімін жетілдіру институтының стоматологиялық кафедраларында жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 10 мыңнан астам стоматолог-дәрігерлер, оның ішінде 23 ғылым докторы, 150-ден астам ғылым кандидаттары бар (2005). 1995 жылы ҚР стоматологтарының Ассоциациясы құрылып, 1996 жылы Дүниежүзілік стоматологтар Ассоциациясының (FDҚ) құрамына қабылданды. Қазақстанда “Стоматология мәселелері”, “DENTҚST Қазақстан”, “Қазақстан стоматологиясы”, “Стоматологический вестник” газет-журналдары шығып тұрады. Әдеб.: Бүгінгі жағдайдағы стоматологияның даму жолдары. Қазақстан стоматологтарының Қ (ҚV) съезінің материалдары, А., 1998; Мырзабеков О., Организация стоматологической службы в условиях рыночной экономики, А., 2002. <ref> Қазақ энциклопедиясы</ref>

Пайдаланған сілтеме

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}