Спорт құрал-саймандары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:24, 2012 ж. тамыздың 11 кезіндегі Hardworking (Талқылауы) істеген түзету

Спорт құрал-саймандары, спорттың әр түрінен жаттығуларды, жарыстарды ұйымдастырып, өткізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін бұйымдар. Спорттық жабдықтар мен құрал-саймандарға жататындар спорт снарядтары, спорт киімдері, аяқкиімдері, төрешілердің ақпараттар беретін, медициналық-биологиялық аппараттар және басқалар. Спорттық снарядтар - спорттың кейбір түрлерінің негізгі заттары: доптар, имек таяқтар, спорт ойындары үшін қалақшалар; нысананы көздеп ататын спорттық құралдар (винтовкалар, пистолеттер, мылтықтар), садақтар, семсерлесу (шаншитын, семсерлесетін қылыштар) құралдары, және атлетикалық найза, диск, балға, сырық; гимнастикалық қоссырық, шығыршық, бөрене, белтемір; ауыр атлетикалык штанга, коньки (жүгіретін, мәнерлеп сырғанайтын, хоккей ойнайтын), шаңғылар (жүгіретін, тау спорты, секіру үшін) және басқалар. Снаряд-аппараттар ерекше топты құрайды: су (академиялық, байдаркалар, каноэлар) және желкенді қайықтар, шаналар (оның ішінде шана-бобслей), велосипедтер және т.б.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Спорт құрал-саймандары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}