Спорттық медальдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:24, 2012 ж. тамыздың 11 кезіндегі Hardworking (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:1896 Olympic medal.jpg
1896 жылғы Олимпиядалық медальдар

Спорттық медальдар,Оимпиядалық ойындарда, Әлем, Еуропа, Азия чемпионатында және ел чемпионатында 1- 3-орын алған спортшыларды марапаттау үшін үкіметтің, халықаралық бірлестіктердің, ХОК-тің тағайындаған белгілері. Медаль жылтырағы алтынға ұқсас, вермейль ерітіндісінен дайындалады. Мұндай медалдың үстіңгі бөлігі алтынның жұқа қабатымен жабылады. Күміс медальды күмістен, қола медальды коладан жасайды. Спорттың бірнеше түрінен бір мезгілде өнер көрсеткен Норвегияның спортшы қызы Скоу-Нильсонның медальдары өзгелерден өте көп және әртүрлі.

Сурет:Stanley cup closeup.jpg
Стэнли кубогі

Ол XX ғасырдың 30-жылдары Олипиядалық ойындардағы тау шаңғысы спортынан жарыстарда көзге түсті. Өз елінің чемпионаттарында конь¬ки спортынан, теннистен, қол добынан өнер керсетуден ол 101 рет алтын медальға ие болды. Қазақстанда Спорттық медальдармен марапаттаудың 1992 жылдан мынадай жүйесі енгізілді: Республикалық чемпионаттары мен спартакиадаларында әлемдік көрсеткіштерден асып түсетін рекорд жасағандарға, еліміздің чемпионы болғандарға, шыңға шығуда жыл бойы жақсы көрсеткішке жеткен альпинистерге 1-дәрежелі (алтынданған, күміс) медаль, 2-орындағыларға үлкен күміс, 3-орындағыларға үлкен қола медаль беріледі.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Спорттық медальдар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}