Софья Васильевна Ковалевская

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:29, 2016 ж. ақпанның 24 кезіндегі Erboldilyara (Талқылауы) істеген түзету

Ковалевская Софья Васильевна (3.1.1850, Ресей, Мәскеу – 29.1.1891, Швеция, Стокгольм) – орыс математигі, жазушы және публицист, әйелдер арасынан шыққан тұңғыш Санкт-Петербург Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1889). 1866 жылдан Санкт-Петербургте белгілі педагог А.Н. Страннолюбскийден сабақ алған. Ол кезде Санкт-Петербург университетіне әйелдерге жол жабық болатын. 1870 ж. Берлинге көшіп барып, 4 жыл неміс математигі В.Вейерштрасстан (18151897) оқиды (Берлин университетіне де әйелдер жіберілмейтін). Ковалевскаяның негізгі математика еңбегі дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер теориясына арналған. 1874 ж. Вейерштрасстың ұсынуы бойынша, Геттинген университеті оған философия ғылымының докторы атағын берді. Ковалевская 1874 ж. Ресейге қайтып келеді, бірақ Санкт-Петербург ун-тіне орналаса алмайды. 6 жылдай ғылыми жұмыспен айналыспай, әдеби-публицистикалық қызметпен шұғылданады. 1881 ж. Берлинге, кейін Парижге көшеді. 1883 ж. Швециядағы Стокгольм университетіне шақыртылады. 1884 жылдан сол университеттің профессоры болды. 1888 ж. “Қатты дененің қозғалмайтын нүкте маңайынан айналуы туралы есеп” атты еңбегін жазады. Ковалевская бұл еңбегі үшін Париж Ғылым Академиясының сыйлығын алады. Қатты дененің қозғалысы туралы екінші еңбегіне (келесі жылы) Швеция Ғылым Академиясының сыйлыгы беріледі. Ол – “Нигилистика” (1884), “Бақыт үшін күрес” (1887), т.б. шығармалардың авторы.

Дереккөздер

<references/>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Софья Васильевна Ковалевская|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}