Сот иммунитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

17:39, 2015 ж. маусымның 25 кезіндегі GanS NIS (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мағына

Сот иммунитеті бойынша, судья тиісті құзыретті органның (Ресейде – Судьялардың біліктілік алқасының, Италияда – Жоғары магистратура кеңесінің, Германияда – Федералдық конституциялық соттың) келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартылмайды, қамауға алынбайды, айдап әкелінбейді. АҚШ-та және басқа бірқатар елдерде судья импичмент тәртібімен ғана тиіспеушіліктен айрылады. Қазақстанда судьяға оны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда) Республика Жоғарғы соты кеңесінің қорытындысына негізделген ел Президентінің келісімінсіз немесе Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгіленген жағдайда Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын иммунитет берілген.