Сольресоль

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

12:48, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Сольресольдиатоникалық гамманың жеті ноталарының атауларына негізделген халыкаралық жасанды тіл. Оны 1817 жылы Жан Франсуа Сюдр шығарды. Бұл тілдің ары қарай дамуына сольресольдің стенографиялық әліппесін шығарған Венсан Гаевски және оның ұлы Сизаль Болеслас Гаевски үлкен үлес қосты. Олар Сюдр жобасының әлсіз және мықты жақтарын «Examen critique de la langue universelle de Sudre» кітабында сипаттап, 1902 жылы «Сольресоль грамматикасы» атты еңбегін жарыққа шығарды. Сольресоль тілінде 2660 сөз бар. Сольресольдегі кейбір сөздердің аудармасы: мен – доре, сен, сіз – доми, менікі – редо, тілек – мифаля, көмек – досидо, жақсы көру – доре миляси доми, тіл – сольресоль. Сөз таптары. Сөздегі фонетикалық екпін сөз табын анықтайды. Етістікте екпін қойылмайды, зат есімдерде екпін бірінші буынға түседі, сын есімде соңғысының алдындағы буынға, ал үстеуде – соңғысына. Мысалы: мидофа – құрметтеу, мИдофа – құрмет, мидОфа – құрметті, мидофА – құрметтегендіктен.

Сольресольда үш «род» бар – мужской, женский және средний. Женский родтағы сөздердің соңғы дауысты буынына екпін түсіріле оқылып, жазған кезде сөздің соңынан горизонталдық сызықша қойылады «¯». Мужской және средний род ешқандай белгілермен ерекшеленбейді. Көпше түрдегі сөздердің соңғы буынындағы дауыссыз дыбыс ұзартылып оқылады. Жазған кезде сәйкес әріптің үстінен диакритикалық белгі қойылады «´» (акут). Мысалы: редо – аға, редо¯ – әпке (апа), ред́о¯ – әпкелер (апалар).

Біріккен сөздер бірінші буынына қарай мағыналық топтарға жіктеледі. Мысалы, сольден басталатын сөздер ғылым және өнермен байланысты (сольресоль), ал сольсольден басталса медицинамен байланысты болады (сольсольредо – бас ауруы). «Уақыт» тобынан алты мысал: доредо – сағат, дореми – күн, дорефа – апта, доресоль – ай, дореля – жыл, дореси – ғасыр.

Антонимдер. Антонимдерді құру үшін инверсия қолданылады, яғни сөздерді «төңкеру»: фаля – жақсы, ляфа – жаман.

Сольресольді жазудың бірнеше қарапайым түрі бар: 1. ноталардың атаулары бойынша 2. ноталық станда 3. бірінші жеті араб цифрларымен 4. латын әліппесіндегі бірінші жеті әріптерімен 5. сольресольдің арнайы стенографиясының белгілерімен 6. кемпірқосақтың жеті түсін салумен

    Сольресольдің дыбысталу түрлері: 

1. ноталарды оқу 2. мылқаулар ишараты 3. өлең айту арқылы

Сюдрдің жобасы Париж ғылым академиясының бірнеше комиссиясынан мақтаулар естіп, 1851 жылы халықаралық көрмеде 10 мың франк көлемінде сыйақы алды. Ал 1862 жылы Лондон қаласында мадақтама медаль иегері болды. Бірнеше жылдан кейін сольресоль өзінің орнын әйгілі волапюк және эсперанто секілді жасанды тілдермен алмастырды.


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}